Жапонияда тасқыннан 30 мың тұрғын эвакуацияланды

Жапонияның орталығындағы Вадзима және Судзу қалаларында шелектеп жауған жаңбырдан кейін тасқын жүрді.

Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады. Аталған аймақтарда өзен суы деңгейінен көтеріліп, арнасынан тасыған. Билік шұғыл шара қабылдап, 30 мың тұрғынды қауіпсіз жерге эвакуациялау туралы тапсырма берді. Қазір аймақта төтенше жағдай режимі жарияланды. Метереологтардың мәліметінше, Исикава префектурасының өзге де өңірлеріне тасқын қаупі төніп тұр. Сол себепті тұрғындарды сақ болып, тысқа шықпауға шақырды.