Куба халқы бірнеше күннен бері жарықсыз отыр
Кубада жанармай тапшылығынан халық бірнеше күннен бері жарықсыз отыр, деп хабарлайды 24kz.
Электр қуатының істен шығуы, әсіресе, ел астанасы Гаванада қатты байқалады. Бұл туралы осы елдің энергетика министрлігі хабарлады. Олардың сөзінше, интернет пен ауызсу жүйесі де жұмыс істемей тұр. Билік аймаққа отын жеткізілгеннен кейін жұмысты қайта бастауға уәде берді. Кейінгі 3 жылда ел аумағында электр желісінің тозуы мен отын тапшылығына байланысты жарықтың сөнуі жиі байқалады.