Қытайдың шығысын су басты

Қытайдың шығысында тайфун соғып, артынша жаңбыр жауып, мұның соңы тасқынға ұласты, деп хабарлайды 24kz.

Салдарынан Шанхай қаласының бірнеше аймағын су басып қалды. Мұнда қозғалыс тоқтап, жүріс шектелді. Мектептер уақытша жабылды. Қазір өңірде тасыған суды құрғату жұмыстары жүріп жатыр. Жергілікті биліктің мәліметінше, биыл аймақта Пуласан тайфуны он төртінші рет тіркеліп отыр. Бірнеше күн бұрын Цзянсу провинциясында да жауын-шашын мол түсіп, тасқын жүрді.