Италияда тасқыннан тұрғындарды құтқару жалғасып жатыр
Италияның солтүстігіндегі Эмилия-Романья аймағында тасқыннан кейін зардап шеккен тұрғындарды құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Үйінді астында қалған, із-түзсіз кеткендерді іздеу операциясына ондаған бригада жұмылдырылған. Мыңдаған адам мектеп, спорт орталықтары жанынан құрылған уақытша лагерьлерге орналасты. Билік халықты тұрғын үйдің жоғары қабатынан төмен түспеуді, сондай-ақ сапарға шықпауды ескертті. Италия премьер-министрі аймақты қалпына келтіру үшін 20 миллион еуро қаражат бөлінетінін мәлімдеді