АҚШ-тың Джорджия штатында сайлау бюллетендері қолмен саналады
АҚШ-тың Джорджия штатында қарашада өтетін Президент сайлауында бюллетенді қолмен санау туралы жаңа ереже бекітілді.
Джорджия сайлау комиссиясы: «Аталған әдіс ұзақ мерзімді қажет еткенімен, автоматты жүйеден әлдеқайда қауіпсіз әрі тиімді», – дейді. Ал қарсы тараптың пікірінше, бұл қадам бюллетендердің жоғалу, қолды болу қаупін арттырады. Осыдан 4 жыл бұрынғы саяси науқанда дауысты қолмен санау сайлау нәтижесінің бірнеше күн кешігуіне әкелді.