Бейрутке жасалған шабуылдан кейін жоғалғандарды іздестіру жүріп жатыр
Израильдің Бейрутке жасаған шабуылы кезінде ізім-қайым жоғалып кеткендерді іздеу-құтқару жалғасып жатыр.
Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, құрбандардың үшеуі Сирия азаматы. Тағы әйелдер мен балалардың да болғаны расталды. Билік өкілдерінің айтуынша, ересектер жұмысынан, балалар мектептен қайтып келе жатқан уақытта әуеден соққы жасалған. Арнайы бригада үйінділер мен қирандыларды қазып, жоғалғандарды іздеп-құтқару операциясын жүргізіп жатыр.