Огайодағы АЭС 1,5 млн тұрғынды энергиямен қамтиды
АҚШ-тың ядролық электр стансылары былтыр 775 миллиард киловатт-сағат электр энергиясын өндірді.
Бұл шамамен 73 миллион үйді электр қуатымен қамтамасыз етуге жеткілікті. Сондай реактордың бірі Огайо штатында орналасқан. Ол – АҚШ-тағы көне атом электр стансыларының бірі. 1987 жылы бой көтерген АЭС 1,5 миллионға жуық тұрғыны бар Перри қалашығын жыл он екі ай электр қуатымен қамтиды. Жергілікті халыққа жұмыс беріп, қала қазынасын да молайтып отыр.
Джуди, Перри қаласының тұрғыны:
- Қаламыздың іргесінен бой көтерген АЭС-тің арқасында жаңа мектептер ашылды. Төлейтін салығымыз азайды. Инфрақұрылымның жақсаруына әсер етті. Қауіпсіздігіне еш алаңдаған емеспіз. Өйткені бізге әрдайым түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Лили, Перри қаласының тұрғыны:
- Менің ойымша, тұрғындардың АЭС-ке қатысты көзқарасы оң. Оның артықшылықтары мен мүмкіндіктері жайлы біз көп білеміз. Мен осы жерде көп жылдан бері өмір сүріп келемін. АЭС халыққа қосымша жұмыс орындар беріп отыр.