Ливанда әуе соққысынан қаза тапқандар саны артты
Ливан астанасы Бейрутта Израильдің әуе соққысынан қаза тапқандар саны 37 адамға жетті.
Тағы 68 кісі жараланған. Бұл туралы араб елінің денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Сондықтан билік: «Құрбандар қатары әлі өсуі мүмкін», – дейді.
Израиль халық көп тұратын жерді бомбалаған. Бұдан бірнеше сағат бұрын «Хезболла» Израильдің солтүстік бөлігіне әуе шабуылын жасаған болатын.