Америка ғалымдары мұхиттағы дыбысты анықтады
Америка ғалымдары Тынық мұхитының ең тереңінде Мариана шұңғымасында бірнеше жыл бұрын жазылған дыбыс киттің дауысы екенін анықтады.
Бұл туралы Frontiers in Marine Science журналында жарияланды. Зерттеушілер белгісіз дауыстың теңіз сүтқоректілеріне тиесілі екенін жасанды интеллект арқылы тапты. Оқыту машинасы 200 мың сағатты құрайтын мұхиттағы дыбысты өңдеген. Бірақ олар әлі күнге киттің неге мұндай ерекше сес шығаратынын нақты білмейді. «Бұл ұзақ мерзімді зерттеуді қажет етуі мүмкін», – дейді.