Израиль әскері Рамалладағы Al Jazeera жұмысын 45 күнге тоқтатты

Ақпарат агенттіктерінің мәліметі бойынша Израиль әскері Палестинаның Рамалла қаласындағы «Әл-Жазира» телеарнасының кеңсесінде тінту жұмыстарын өткізді.

Тексеріске байланысты телеарна жұмысы 45 күнге тоқтатылды. Қызметкерлер керек заттарын алып, кеңседен кетуге тиіс.

Израильде «Әл-Жазира» телеарнасының жұмысы былтыр да тоқтап қалған еді. Ол кезде Премьер-министр Биньямин Нетаньяху ақпарат құралын «арандатушы» деп айыптаған еді. Телеарна қызметі ол кезде де 45 күнге шектеліп, кейін шектеу уақыты ұзартылған болатын.