Венгрияда Дунай өзенінің арнасы көтеріліп барады

Венгриядағы Дунай өзенінің деңгейі көтеріліп, кейінгі 10 жылда болмаған көрсеткіш тіркелді.

Бұған «Борис» дауылы себеп. Су парламент ғимаратына жетіп қалған. Құтқарушылар құм толы қап қойып жатыр. Өткен аптада соққан жойқын жел мен нөсер жаңбыр Орталық және Шығыс Еуропада алапат тасқын тудырды. Табиғи апаттан Австрия, Чехия, Польша мен Румынияда 24 адам ажал құшқан. Үйлер мен алқаптарды су шайып, тас және теміржолдар қирады. Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен табиғи апат салдарын жоюға 10 млрд еуро бөлінетінін хабарлады.