Иранда кеніштегі жарылыстан 30 адам ажал құшты
Иранда көмір кен орнында жарылыс болып, 30 адам жан тапсырды.
Тағы 20 кісі із-түзсіз жоғалып кеткен. Қайғылы оқиға Оңтүстік Хорасан провинциясындағы Табас қаласында кешкі сағат 9-да болды. Жергілікті ақпарат агенттігінің хабарлауынша, метан газы жарылған. Құтқару операциясы әлі жүріп жатыр. «Сондықтан құрбандар қатары өсуі мүмкін», – дейді билік өкілдері. Жарылыс болған кезде жер астында 69 жұмыс болған, олардың 17-сі құтқарылды. Олар әртүрлі дене жарақатын алған. Иран президенті Масуд Пезешкиан марқұмдардың туыстарына көңіл айтты.