Англияда сырыққа өрмелеуден әлем чемпионаты өтті

Англияның Альчестер қаласында сырыққа өрмелеуден әлем чемпионаты өтті.

Бағанның ұзындығы – 25 метр. Жарыс ерлер және әйелдер арасында ұйымдастырылды. Ерлер тобында 27 жастағы Дэн Уилан тағы да жеңіске жетіп, әлемдік доданың 4 дүркін жеңімпазы атанды. Ол сырыққа 9 секундта өрмеледі. Әйелдер сайысында Хлоя Барнард топ жарды.

Терри Беннет, жеңімпаз:

- Сырыққа өрмелеу жылдамдық пен ептілікті қажет етеді. Тез өрмелеп, жоғарыға жеткен адам түймені бірінші басып үлгеру керек. Кейбір мықты спортшылар мұны 9 секундта жасай алады. Негізі әлемдік рекорд – 8,8 секунд.