Эквадорда жарықтың берілуі шектеледі
Эквадорда бүгіннен бастап кешкі 10:00-ден таңғы 06:00-ға дейін 8 сағатқа жарық өшіріледі.
Бұл аралықта 46 мың полиция қызметкері тәртіпті қадағалайды. Өйткені қуаңшылыққа байланысты елде энергия қуаты азайған. Енді түні бойына үнем жасалмақ. Мәжбүрлі шара қыркүйек айының аяғына дейін жалғасады дейді билік өкілдері. Бұған дейін ел үкіметі қараңғы уақытта коменданттық сағат енгізген болатын. Бұған себеп - Эквадорда кейінгі 60 жылда болмаған құрғақшылық орнап, өзендер тартылып қалған. Сол себепті су электр стансалары жұмыс істемей тұр.