Макронның рейтингі төмендеді
Франция президенті Эммануэль Макронның рейтингі 75 пайызға төмендеді.
Бұл 2018 жылдан бері тіркелген ең төменгі көрсеткіш. Әлеуметтік сауалнаманы "Жуғналь ду Димаңш" (( Journal du Dimanche)) басылымы жүргізген. Оған жасы 18-ден асқан 2 мыңнан астам азамат қатысты. Естеріңізге сала кетейік, Макрон 2017 жылы президент болды. 2022 жылы ол екінші мерзімге қайта сайланды. Оппозиция "Макрон ел басқару ісін әлсіретіп жіберді, парламенттің мерзімінен бұрын таратылуына себепші болды, 73 жастағы Мишель Барньені үкімет басына әкелді" деп айыптайды.