Израиль «Хезболла» ұйымына қарсы әскери қимылын тоқтатпайды
Израиль Хезболла қозғалысына қарсы шабуылын тоқтатпайды.
Елге төнген қауіпті жою үшін қолдан келгенін жасайды. Израиль бас штабының бастығы Герци Халеви жергілікті телеарнада жасаған мәлімдемесінде осылай деді. Оның айтуынша, Израиль енді артқа шегінбейді. Қарулы күш әскери қимылдардың келесі кезеңіне дайындалып жатыр. Тұрғындарды денсаулығына еш зақым келместен үйіне қайтаруға күш саламыз, дейді. Айта кетейік, сенбі күні Израиль әскері Ливанның оңтүстігін атқылап, 290-ға жуық нысанға соққы берді.
Герци Халеви, Израиль бас штабының бастығы:
«Израиль қорғаныс әскері Хезболла қозғалысына күшті соққы берді. Олардың өңірдегі біраз нысандары талқандалды. Біз Израиль халқына қауіп төндіргендерді аямаймыз».