Жапонияда су тасқынынан алты адам қаза тапты

Жапонияның Исикава префектурасында тасқын кезінде опат болғандар саны 6 адамға жетті.

Тағы бірнешеуі ұшты-күйлі жоғалған. Бұл туралы Рейтерс агенттігі хабарлады. Билік зардап шеккен 130 мыңнан астам тұрғынды қауіпсіз жерге эвакуациялау туралы тапсырма берді. Қазір аймақта 6 мың үй жарықсыз отыр. Ұялы байланыс желісіне де зақым келген. Жолдар жабылып, ғимараттар үйінді астында қалды. Еске салайын, өткен сенбіде Жапонияда жауын-шашын мол түсіп, артынша тасқын жүрді.