Мета-әлем дегеніміз не?
Цифрлы һәм сиқырлы әлемде өмір сүріп жатырмыз.
Технология тұрмысымызды жеңілдетті. Жасанды интеллект ертеңнің еншісіндегі емес, оны барлығымыз өмірде қолданып жүрміз. Такси шақырған кезде, гугл аудармашы секілді платформаларды қолданғанда, ютубтан видео қараған кезде жасанды инттеллектіні қолданамыз. Иә, бұл өркениеттің басы ғана. Жасанды интеллектіден кейінгі келетін цифрлы әлем, адамзат болмысын түбегейлі өзгертпек. Кванттық технология жасанды интеллектінің келесі сатысы. Марк Цукерберг жария еткен Мета-әлем осы сөз болып отырған технология платформасында орналаспақ.
Мета-әлем деген не?
Мета-әлем – бұл VR және AR технологияларын қолданатын виртуалды әлем. Тұрмысқа түпкілікті енбесе де, адамзат соған ептеп келе жатыр. Мәселен, Мета-әлемде білім беру интерактив форматта болады. Медицина мамандары виртуал шындықта тәжірибе жасап, болашақ ғарышкерлер ғарыш нысандарын мұқият зерттей алады. Жүргізушілер автокөліктің 3D үлгісін жүктеп, құрылысшылар үйді жөндеу үшін тәжірибе жасай алады.
ЦИТАТА:
AR – қоршаған ортаны толықтырып жақсарту үшін ақпаратты компьютерлік бағдарламалардың көмегімен өңдеу. Ал VR яки виртуал реалити дегеніміз жасалған әлемге толықтай еніп кетуді білдіреді. Ол үшін арнайы виртуал көзілдірік секілді құрылғыларды тағып, ойлап табылған, жасанды әлемге сапар шегеді. Мамонтты ерттеп мініп, Марстан бір шығуы мүмкін.
Douglas Karr OpenINSIGHTS негізін қалаушы
AR маркетингте кеңінен қолданылады
2014 жылы Лондондағы автобус аялдамасын интерактивті AR тәжірибесіне айналдырды. Науқанда метеориттің соғуы, алып робот, көшеде келе жатқан жолбарыс сияқты түрлі сценарийлер көрсетіліп, өтіп бара жатқандарды таңғалдырды. Бұл инновациялық науқан әлеуметтік желілерде миллиондаған қаралымға ие болды. Осылай, көптеген компания, өз өнімін жарнамалау кезінде жарнама ролигін виртуалды шындықпен байланыстырып жасады. Өйткені виртуалды шындыққа ену арқылы өнім туралы барлық ақпаратты жасанды түрде пайдаланып көруге мүмкіндік болады.
ЦИТАТА:
Маркетологтың көзқарасы бойынша кеңейтілген шындық (AR), виртуалды шындыққа (VR) қарағанда әлдеқайда зор әлеуетке ие. Виртуалды шындық бізге толығымен жасанды тәжірибені сезінуге мүмкіндік берсе де, толықтырылған шындық қазіргі өмір сүріп жатқан уақытпен санасады.
Дуглас Кар, OpenINSIGHTS негізін қалаушы
AR,VR құрылғысына сұраныс артып келеді
2022 жылы AR,VR метақұрылғыларын 171 миллион адам қолданған. Сол жылы 10,8 млн құрылғы сатылса, бұл көрсеткіш келер жылы 23,8 миллионға артады деген болжам бар. Алдағы 5 жылдықта әлемдік нарықтағы үлесі 252 млрд АҚШ долларын құрамақ. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, небары 21 млрд АҚШ доллар болғанын ескерсек, 10 есе көп. Яғни сұраныс бар.
AR,VR құрылғысының қолданылу аясы
2022 ж - 171 млн адам
Сатылғаны 10,8 млн
2030 ж - кіріс көлемі - $252 млрд
Мета құрылғылардың әлемдік нарықтағы үлесі
2030 жылға қарай виртуалды, қосалқы шындық әлемдік экономикаға 1,4 триллион фунт стерлинг пайда әкеледі деген болжам бар. 23 миллион жұмыс орны, осы құрылғыларға тәуелді болады. Медицина, логистика, сауда-саттық, бизнес, құрылыс, қауіпсіздік сынды т.б. салалар да маңызды рөлге ие болмақ. Бір сөзбен айтқанда, электронды көзілдірікті киесіз де айналадағының бәрінен цифрлық дерек ала аласыз. Қолыңыздағы соңғы маркалы смартфон кейін мәтін теретін машинка сияқты мұражайда тұрса таңғалмаңыз.