Польшада тасқыннан инфрақұрылымға €900 млн шығын келді
Польшада тасқыннан инфрақұрылымға келтірілген шығын көлемі 900 миллион еуроға бағаланып отыр.
Табиғат апатынан елдің оңтүстік-батыс өңірлері қатты зардап шеккен. Елде 7 адам опат болды. 750-дей елді мекенді су басқан. Бұған дейін Еурокомиссия тасқыннан жапа шеккен Еуропа елдеріне 10 милилард еуро бөлетінін жария етті. Оның жартысын Польша алады. Алайда жергілікті билік бұл ақшаның өзі жетпейтінін айтады. Өйткені инфрақұрылымнан бөлек басқа секторларға да зор шығын келген.
Волонтер:
- Өңірге волонтерлер мен әскерилер келіп, қалпына келтіру жұмыстары жақсы жүріп жатыр. Ал оған дейін тұрғындар өз бетімен апат салдарымен күрескен. Қаншама адам баспанасыз қалды. Енді күн суытпай тұрып, бәрін қалпына келтіріп үлгеруіміз керек.
Венгрияда егіс алқаптарының 70% бүлінді
Ал Венгрияның орталық бөлігінде тасқыннан егіс алқаптарының 70%-і жарамсыз боп қалды. Бүлінген үйде есеп жоқ. Тасқын демалыс күндері шарықтау шегіне жеткен. Енді су Хорватия мен Сербияға қарай жылжып жатыр.
Ласло Батки, фермер:
- Көкөністің көбі енді-енді пісіп келе жатқан еді. Қызанақ, бұрыш, картоп – бәрі бүлінді. Егіс алқаптарында су жатыр. Сондықтан жерді келесі маусымға да дайындай алмай отырмыз.