Telegram пайдаланушыларының жеке деректері жария етіледі
Telegram ережелерін бұзатын пайдаланушылардың IP мекенжайы мен телефон нөмірлері құқық қорғаушыларға беріледі.
Мұндай жеке деректер заңды сауалға сәйкес жария етіледі. Жаңа талаптар туралы өз аккаунтында компания басшысы Павел Дуров мәлімдеді. «Сонда мессенджерді заңсыз әрекеттері үшін пайдаланатын қаскөйлер аулақ жүретін болады», – дейді кәсіпкерлер.
Айта кеткен жөн, миллиардер тамызда Парижде қамауға алынған еді. Ол ақша жымқыру, киберқылмысқа қатысу, тергеуге қажетті ақпарат беруден бас тарту секілді бірнеше қылмыс бойынша күдікке ілінген. Кепілге босатылғаннан кейін Дуровқа Франция аумағынан кетуге болмайды. Ол аптасына 2 рет полицияға барып тұруға міндетті.