Әлемде электромобиль сатылымы артып келеді
Былтыр әлем бойынша сатылған әр төртінші көлік электрлі көліктері. Жылдан-жылға техниканың бұл түріне сұраныс артып келеді, деп хабарлайды 24kz.
Қазір әлем «жасыл» экономикаға көшу үдерісінде екенін ескерсек, соның ішіне Еуропа елдері электромобильдерге басымдық беріп отыр. Мәселен, Норвегияда бензинмен жүретін көліктерді саны жағынан элекромобильдер басып озған.
Норвегияда электромобильдердің саны артты
Биыл Норвегияда электромобильдер саны бензинмен жүретін көліктердің санынан асып түсті.
Елде 2,8 миллион жеңіл автокөлік бар болса, оның 754 303-і электрлі, 753 905-і бензинмен жүретін көліктер. Ал, гибридті көліктердің саны 366 мыңға жуық. Тағы миллионға жуық дизельді көліктер бар, бірақ олардың саны азайып барады.
Биыл тамызда Норвегияда сатылған 11 114 көліктің 94%-і электр қуатымен жүретіні көліктер. Бұл өсімге Tesla Model Y сатылымы ықпал еткен. Әрі Үкімет те жағдай жасап отыр. Мәселен, электр көлік жүргізушілерін түрлі салықтардан босатып, тұрақ ақысын төмендетті. Тіпті мұндай көліктер үшін автобус жолақтарын пайдалануға рұқсат берілген.
Норвегиядағы жалпы көлік саны:
Жеңіл автокөлік – 2,8 млн
Электромобильдер – 754 303
Бензинмен жүретін көліктер – 753 905
Гибридті көліктер – 366 000
Бұл – тарихи оқиға. Он жыл бұрын мұндай жағдай болады деп ешкім ойлаған жоқ. Норвегия жолаушылары электромобильдер басым болатын әлемдегі бірінші ел болу үшін жылдам қадамдар жасап отыр. Норвегия әлемдегі электромобилі көп бірінші ел болуға ұмтылады.
Норвегия мұнай мен газдың ірі өндірушісі ретінде «2025 жылға қарай барлық сатылатын жаңа көліктер зиянды қалдық бөлмейтін көліктер болуы керек» деген мақсат қойып отыр. Яғни, электромобильдерге сұраныстың артуы осыдан. Тек бір мәселе – электромобильдерді зарядтайтын станциялар жетіспейді.
БАӘ электрмобильдерді қуаттайтын 100 станция салады
Біріккен Араб Әмірліктерінде халықтың 82%-і электромобильге көшуге ниетті. Бұл ретте билік биыл жылдың соңына дейін 100 жылдам қуаттағыш станция салуды көздеп отыр. Ал, 2030 жылға қарай олардың санын мыңға жеткізу жоспары бар. «Бұл бастама 2030 жылға қарай CO2 шығарындыларын 100 мың тоннаға азайтады», - дейді билік өкілдері. Бұл дегеніміз – 1,8 миллион тал еккенмен тең. Қуаты 160 кВт болатын қуаттағыш орындар қоғамның барлық мүшелеріне, соның ішінде такси жүргізушілеріне қол жетімді әрі тегін болмақ.
Электромобильдер – болашақтың көлігі. Қоршаған орта мен экологияға қамқор болу парыз. Әмірлікте жылдам қуаттағыш орындардың саны, сапасы жөнінен жақсы болғанын қалаймыз. Бастысы – тұтынушылардың жылдамдық пен жайлылыққа деген сұранысын қанағаттандыратындай болуға тиіс.
1 көлікті қуаттау үшін қажетті энергия
Қытай – 3,5 кВт
Нидерланд – 2,8 кВт
Франция – 1,2 кВт
Канада – 1 кВт
АҚШ – 0,8 кВт
Норвегия – 0,8 кВт
Германия – 0,7 кВт
Бразилия – 0,4 кВт
Әмірлік жоспарлап отырған 160 кВт станцияның қуаты әлдейқайда күшті болғалы тұр. Мәселен, 2022 жылы бір электромобильді зарядтау үшін орташа есеппен 2,4 кВт электр энергиясы қажет болған. Жік-жігімен айтсақ, Қытайда бір электр көлігін зарядтау үшін 3,5 кВт, Нидерландыда 2,8 кВт, Францияда 1,2 кВт, Канадада 1 кВт, АҚШ пен Норвегияда 0,8 кВт, Германияда 0,7 кВт, Бразилияда 0,4 кВт қажет болды.
Электромобиль сатылымы артып келеді
Статистиканы сөйлетсек. Былтыр әлем бойынша 13,8 млн электромобиль сатылған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 35,3%-ке көп. Ең көбі Қытайда сатылды: 8,1 миллион көлік. Одан кейін АҚШ-та - 1,4 млн, Германияда 700 мың, Францияда 470 мың, Ұлыбритания 450 мың электромобиль сатылды.
Бір қызығы, Норвегияда жалпы көлік сатылымының 93%-і электрмобильдер. Бұл көрсеткіш Исландияда 71%, Швецияда 60%, Финляндияда 54%, Данияда 46%-ке тең.