БҰҰ Бас ассамблеясының жоғары деңгейдегі апталығы басталды
Нью-Йоркте Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясының 76-шы сессиясында Жоғары деңгейдегі апталық басталды, деп хабарлайды 24kz.
Онда Ливан мен Израиль арасындағы қарулы қақтығыс, Израильдің Газа секторындағы әскери операциясы мен палестиналықтар арасындағы өлім-жітімнің көбеюі басты тақырыпқа айналмақ. Пікірталасқа 130-дан астам мемлекет басшысы мен сыртқы істер министрлері қатысады. Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш пен 79-сессияның төрағасы Филемон Янг бірінші болып сөйлеуі керек. Саясаткерлер 5 күн бойы қақтығыстарды реттеу, климаттың өзгеруімен күрес және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылайды.