Сайлауалды науқан: Камала Харристің шығыны көбейді
АҚШ президенттігіне үміткер Камала Харрис сайлауалды науқанына Дональд Трампқа қарағанда көп ақша жұмсайды, деп хабарлайды 24kz.
Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша тамызда демократиялық партияның кандидаты күн сайын орта есеппен 7,5 миллион доллар шығынданған. Ал республикашылдардан басты қарсыласы ол мақсатқа 2,5 миллиондай бөліп отырған. Демократтардың сайлауалды науқанына Уолл-Стрит және Кремний алқабының өкілдері көп қаржы құйған. «Қарсылас партиядан қаржылай басым түсуінің себебі осы», - дейді сарапшылар.