Ливаннан 5000 адам Сирияға бас сауғалап барды
Атыс-шабыстан қашқан Ливан жұрты қазір Сирияға бас сауғалауда, деп хабарлайды 24kz.
Кейінгі бірнеше күнде көрші елге 5 мыңнан аса адам барған. Тағы бірнеше мыңы екі ел шекарасындағы бақылау-өткізу бекеттерінде кезегін күтіп тұр. Негізі кезінде керісінше, Сириядағы соғыстан осы Ливанға 1,5 миллион адам қашып келген еді. Ал Ирак билігі елге келген ливандықтарға виза тегін берілетінін жария етті. Ал визасы барларына олардың мерзімі ұзартылады. Сонымен қоса, құжаттың мерзімі өтіп кеткені үшін айыппұл салынбайды.