Ливанда бір тәулікте 70 адам қаза тапты

Бұл туралы араб елінің Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді.

"Әл-Майдин" телеарнасының мәліметі бойынша, былтырғы 8 қазаннан бастап құрбан болған ливандықтар саны 1200-ге жетіп, 5 мыңнан астамы жарақат алды. Олардың жартысы кейінгі 3 күнде ажал құшты. Көбі бейбіт тұрғын.

Фирас Абиад, Ливанның Денсаулық сақтау министрі:

"Уақытша орталықтарды паналауға мәжбүр адамдар саны 40 мыңнан асты. Бірақ одан да көп тұрғын үйінен кетуден бас тартты. Кейбір кісілер қауіпсіз жақтан үй жалдап алған. Сондықтан босқындар қатары жүз мыңнан асуы мүмкін."

Еуропа елдері азаматтарын Ливаннан тез кетуге шақырды

Еуропа елдері азаматттарын Ливаннан тез арада кетуге шақырды. «Еуроньюс» телеарнасы Португалия, Дания, Испания, Франция мен Британия үкіметтері араб елінде жүрген отандастары үшін ресми ескерту жариялаған. Еурокомиссия еуропалықтар көшіріп алуға дайындық жасап жатыр.