АҚШ-тың Paramount компаниясы 2000 қызметкерін қысқартады
АҚШ-тың Paramount Global медиа компаниясы қызметкерлерінің 15%-ін қысқартады, деп хабарлайды 24kz.
2 мың адам жұмыссыз қалады деген сөз. Бұл негізінен маркетинг, байланыс, қаржы, құқық және технология саласының жұмысшылары. Медиаконгломерат кейінгі кезде табысы азайғанын айтады. Өйткені жарнама берушілердің көбі стримингтік платформаларға көшіп жатыр. Енді жаңа шаралардың арқасында шығындар 500 миллион долларға қысқаруы тиіс.
Paramount Global – медиа саладағы жетекші компаниялардың бірі. Ол Nickelodeon, MTV секілді телевизиялық брендтермен бірге жұмыс істейді.