Әлемде әр оныншы жасөспірім әлеуметтік желіге тәуелді
Әлемдегі әр оныншы жеткіншек әлеуметтік желі мен компьютер ойындарына тәуелді, деп хабарлайды 24kz.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері осылай дейді. Олардың жүргізген зерттеуіне АҚШ, Канада, Еуропа мен Орталық Азиядан 280 мың жасөспірім қатысқан. Солардың ішінде қыздар әлеуметтік желіде көп отыратындарын мойындаған. Ал ұл балалар компьютерлік ойындардан бас тарта алмайтындарын айтқан. Соның кесірінен көбінде оқу үлгерімі мен ұйқысы нашарлап кеткен.