Ливанда Израильдің әуе шабуылынан 60 адам ажал құшты

Ливанда Израильдің әуе шабуылынан 1 күнде 60 адам ажал құшты, деп хабарлайды 24kz.

Тағы 80 кісі жараланған. Ресми дерек бойынша уақытша паналау орталықтарына 77 мың тұрғын орналастырылған. Бұдан бөлек, 27 мың ливандық Сирия аумағына өтті. Израильмен арадағы қарулы қақтығыс негізі өткен жылдың 8 қазанында басталған. Содан бері атыс-шабыстан қаза тапқандар қатары 1500-ден асып, 5 мыңға жуығы зардап шекті.

Бассам Маулави, Ливанның Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы:

- Шабуылдарға байланысты жылы орнын суытып, уақытша паналау орталықтарына келген адамдар саны күн сайын артып келеді. Сириядағы соғыстан біздің елге бас сауғалап келгендер енді керісінше, Отанына қайтып жатыр.

 

Израиль солтүстіктен Ливанға қарай жаңа операция бастайды

Израиль елдің солтүстігі жағынан Ливанға қарай жаңа операциялар бастайды. Бұл туралы жергілікті The Times of Israel басылымы хабарлады. The Associated Press агенттігінің айтуынша, әуе шабуылына қарсы және құрлыққа арналған бронды техникалар теріскейге апарылып жатыр. Израиль әскері операцияға 2 бригада жұмылдырмақ.