Еурокеңес басшысы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін реформалауды ұсынды

Еуропалық кеңес басшысы Шарль Мишель Біріккен ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесін реформалауды ұсынды, деп хабарлайды 24kz.

Ол: «қазір әлемге үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі төніп тұр, осындай алмағайып заманда Кеңес жұмысына вето қою маңызды шешімдер қабылдауға кедергі жасап жүр» дейді. Мишель халықаралық құрылымның құрамын кеңейту үшін Африка мен Латын Америкасы елдеріне орын беру керек деп есептейді.