Израиль «Хезболланың» 220 нысанын талқандады

Израиль әскері «Хезболла» ұйымының 220 нысанын талқандады, деп хабарлайды 24kz.

The Times of Israel басылымының хабарлауынша, Ливанның оңтүстігі мен шығысында қару-жарақ қоймалары, зымыран ату қондырғылары мен «Хезболла» сарбаздарына шабуыл жасалған. Израиль әскерінің бас қолбасшысы Томер Бар Иран жақтан келетін кез келген қару түріне тосқауыл қоятынын мәлімдеді. Оның айтуынша, «Хезболланың» ұрысқа қабілеті парсы елінің қолдауына тікелей байланысты.