Францияда автосақтандыру 4%-ке қымбаттайды
Францияда алдағы жылдың қаңтарынан бастап автосақтандыру құны 4%-ке қымбаттайды, деп хабарлайды 24kz.
Бұған көлікке қажетті қосалқы бөлшектер мен қызмет көрсету бағасының өсуі себеп. Бұл елде жүргізушілер темір тұлпарын сақтандыруға міндетті. Ол тіркеуге қою кезінде сұралады. Бірақ сонда да ресми мәлімет бойынша 680 мың көлік сақтандырусыз жүр. Оларға 3750 еуро айыппұл қарастырылған. Жалпы Францияда электромобильді сақтандыру арзанға түседі.
Алла Воронова, Автодилерлік орталықтар тобының бөлім басшысы:
- Автосақтандырудың орташа бағасы негізі жылда өсіп жатыр. Биыл шамамен 640 еуро тұрады. Орташа баға қала, аймақ, жүргізушінің тәжірибесі, көліктің түріне байланысты әртүрлі болады. Жол апатына ұрынбасаңыз, сізге бонус беріледі, соның есебінен баға да төмендейді.