Әлемдік туризм нарығы қайта қалпына келе бастады

Әлемдік туризм нарығы пандемия кезіндегі дағдарыстан соң қайта қалпына келе бастады, деп хабарлайды 24kz.

Кейінгі 7 айда көрсеткіш 96%-ке өскен. Дүниежүзілік туристік ұйымының мәліметтері бойынша Таяу Шығыс елдері 2019 жылмен салыстырғанда туристерді 20%-ке көп қабылдаған. Ал, Еуропа елдерінде туристер ағыны қалпына келсе, Африка және Америка құрлықтарында да жиһангездер көбейіпті. Бір қызығы, кейінгі жылдары топ болып емес жалғыз саяхаттаушылар саны артқан.

Әлемдік туризм нарығының 11%-і жалғыз саяхаттаушылардың үлесінде. Google-ге «жалғыз саяхат» деп теріп, сұрау салғандар қарасы былтыр 2018 жылмен салыстырғанда 131%-ке күрт өскен. Пандемия саяхатшылар санын біраз тежегінімен, кейінгі 2 жыл ішінде, жеке адамға тур рәсімдеу көрсеткіші 42%-ке өсті. Мәселен, миллиардтаған қолданушысы бар, танымал әлеуметтік желі, инстаграмда #solotravel хэштегімен 5,2 миллион пост жарияланған. Жалғыз жолаушылардың дені АҚШ азаматтары. Биыл 83 миллион америкалық өзге елдерге, жалғыз аттанған. Жалпы Booking.com туристік қызметінен қонақүйлердің көбі Үндістан, Жапония, Таиланд, Вьетнам, Перу, Коста-Рика, Эквадор, Италия, Испания, Мароккодан алынған.

Жалғыз саяхатшылар санының артуына пандемия қатты әсер етті. Өйткені адамдар қоғамнан ажырап қалды. Өз-өзімен көбірек уақыт өткізіп, не қалайтынын түсінуге мүмкіндік алды. Осылайша, қазір нарықта сұранысқа ие. Сол себепті, көптеген круиздер, туристік компаниялар жалғыз саяхатқа арналған бағдарламаларды көбірек ұсынады.

Жер бетіндегі әр алтыншы адам өз бетімен саяхаттайды. Жолаушылардың 64%-і әйел, 36%-і ер адам. АҚШ-та саяхатшы әйелдердің орташа жасы 47-ден асқандар. Олар көбіне, мәдени, шытырман бағыттағы саяхатты таңдап, көрікті табиғаты бар жерлерді аралағанды жөн көреді. Жалпы әйел қауымы жалғыз саяхаттайтын қалалардың ішінде Лондон, Париж, Токио, Мадрид, Рим, Варшава, Барселона, Лиссабон, Милан алғашқы ондықта.

Цитата:

- Біз жыл сайын клиенттеріміздің арасында сауаланама жүргіземіз. Сонда байқаған бір жайт, саяхатшыларымыздың 80%-інің таңдауы жалғыз саяхаттауға түседі. Сапарға бірге баратын серігінің жоқтығынан емес, көбіне жан қалаулары бойынша жалғыз саяхаттағанды жөн көреді.

Жалғыз саяхаттау, топ болып саяхаттауға қарағанда әлдеқайда қымбатқа түседі. Өйткені олар туристік сақтандыруға шамамен 20%, қонақүйде тұрақтауға 50%-ке көп ақша жұмсайды. Жалғыз саяхаттау үшін қолда кемі 20 мың АҚШ доллары болу керек. Бұл біздің теңгеге шаққанда 9 миллиондай. Жол-пұл, қонақүй, тамақ пен қажетті вакциналарды есептегенде күніне 54 доллардан кетеді. Дегенмен, бөтен елде жалғыз жүріп, іс-түзсіз жоғалып кеткен, адасып кеткен жайттар да аз емес. Жалпы туризм сарапшыларының пайымы бойынша жалғыз саяхатшылар үшін Ауғанстан, Сирия, Венесуэла, Йемен, Сомали өте қауіпті. Ал, Финляндия, Исландия, Шотландия, Швейцария, Жапонияда алаңсыз саяхаттаса болады.

Авторы: Фариза Жанғанаева