Израиль әскері «Хезболла» ұйымының бас штабын атқылады

Израиль әскері ливандық «Хезболла» ұйымының Бейруттегі бас пәтерін әуеден атқылады.

Салдарынан 2 адам қаза тауып, тағы 70-тен астамы жарақат алған. Еврей елінің қарулы күштері ұйымның жетекшісі Хасан Насралланы көздесе керек. Десе де ирандық «Тасним» агенттінінің хабарлауынша, ол шабуылдан аман қалған. Израиль әскері сондай-ақ Бейрутте «Хезболланың» қару жасайтын нысандары, қару сақтайытын қоймалары мен командалық бекеттерін атқылаған. Бірақ ұйым өкілдері қираған үйлерде қару ұстамағанын жария етті. Ливандық топ Израильдің солтүстігіндегі ауылдардағы әскери нысандарға баллистикалық зымырандар жіберген. 60-тан аса зымыран ұшырылып, бір бөлігі атып түсірілген.