Ливаннан қашқан босқындарды Кипр қабылдауға дайын
Кипр Ливандағы атыс-шабыстан қашқан босқындарды қабылдауға дайын.
Бұл туралы ел Президенті мәлімдеді. Бірақ саясаткер Таяу Шығыстағы ахуал тұрақталғанда, барлығы отанына кері қайту керек деді. Осы аптада Израиль әуе шабуылдарын үдеткеннен кейін Ливанда 90 мың адам үй-жайын тастап, өзге жерге көшуге мәжбүр болған. Көбі ел ішіндегі уақытша орталықтарды паналап жүр. Өзгесі Сирия мен Грекияға кетіп қалған. Өңірдегі ахуалдың ушығуына байланысты Еуроодақ басшылығы жергілікті әуе компанияларды Ливан мен Израиль арқылы ұшпауға шақырды. Бұған дейін бірталай әуе тасымалдаушы қауіпсіздік мақсатында аймаққа сапарларын уақытша тоқтатқан.