Дағыстанда жарылыстан қаза тапқандар саны артты
Дағыстан астанасы Махачкаладағы жанармай құю бекетіндегі жарылыс салдарынан көз жұмған адам саны 13-ке жетті.
Оның екеуі бала. Тағы 23 адам ауыр жарақат алды. Қазір 4 адам ауруханада, біреуі ауыр халде жатыр. Бұл туралы Ресейдің Төтенше жағдайлар қызметі мәлімдеді. Осыған дейін, 11 адамның қазасы туралы хабарлаған едік. Жанармай құю бекетінінің аумағындағы дәмханада газ баллоны жарылып, 500 шаршы метр аумақты өрт шалды. Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғап, жанармай құю бекетінің иесі кінәлі деп танылды. Енді ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.