Экобелсенділер Ван Гогтың картинасына сорпа шашты
Экобелсенділер Ван Гогтың әйгілі "Күнбағыстар" атты екі суретіне сорпа шашып жіберді.
Картиналар Лондондағы ұлттық галереяда ілулі тұрған.
Сорпа төккендер қамауға алынды. Бұл "Джаст стоп ойл" қозғалысының мүшелері. Оқиғадан бірнеше сағат бұрын қозғалыстың өзге мүшелерін бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі шыққан. Олар 2 жыл бұрын дәл осы суреттердің біріне сорпа төккен еді. Ол кезде туындының беті шынымен қапталғандықтан тек жақтауына ғана зақым келген. Бұл жолғы әрекеттерден кейін де суреттер бүлінбеген. "Джаст стоп ойл" қозғалысы қазбалы отынды өндіруді тоқтатуға шақырады. Экобелсенділер жыл сайын мұражай мен галереядағы суреттерді бүлдіріп, осылай өздеріне назар аударуға тырысады.
БЛИЦ
- "Қазбалы отынға Ван Гогтың қатысы қанша? Басқа ғасырда өмір сүрген суретшіні кіналаудың қажеті не?"
- "Иә, олар әлем жұртшылығының күрделі проблемаға назар аударғанын қалайды. Бірақ өнер туындысын былай бүлдіру дұрыс емес қой".