АҚШ-та дүлей дауылдан опат болғандар саны артты
АҚШ-та «Хелен» дауылы құрбандарының саны 64 адамға жетті.
Тағы ондаған адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Дүлей дауылдың екпіні күшті. Желдің жыдамдығы сағатына 225 шақырымға дейін жетеді. Қазір Флорида, Джорджия, Солтүстік және Оңтүстік Каролина, сондай-ақ Теннеси штаттарында ахуал күрделі. Дауылдың арты алапат тасқын мен көшкінге ұласып, өңірлерде төтенше жағдай жарияланды. Электр желілері үзіліп, 3,5 миллион адам ыстық сусыз, жарықсыз отыр. Синоптиктер қолайсыз ауа райы әлі сақталады деп болжады.