Ливан тұрғындары Сирияға қашып жатыр

Израильдің Ливанға шабуылы үдеген сайын ливандықтардан күй кетті.

Халықтың дені жан-жаққа бас сауғалап, дені Сирияға қашып жатыр. Босқындардың арасында тек Ливан жұрты емес, бір кездері қашып келген сириялықтар да бар. Соғыс басталмай тұрып, Израиль ливандықтарға елден кетуін алдын ала ескерткен еді. Қазір әуежайлар қызметін тоқтатқаннан кейін халық тентіреп, жүздеген тұрғын Ливан мен Сирияның шекара маңында босып жүр.