Сеулде үйсіздер арасында футболдан әлем чемпионаты өтіп жатыр

Сеулде үйсіздер арасында футболдан әлем чемпионаты өтіп жатыр

Сеулде үй-күйсіз жандар арасында футболдан әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Оған 49 елден 64 команда жиналды. Мұндай дода 2003 жылдан бері ұйымдастырылады. Оны УЕФА және кәсіби футболшылар қауымдастығы қаржыландырады.Мұндағы мақсат – қоғамның үй-күйсіз жүрген жандарға деген көзқарасын өзгертіп, қиын жағдайда қалған адамдарға көмектесу. Өйткені осы чемпионатқа қатысқаннан кейін 10 адамның жетеуі өмірін күрт өзгертіп жатады. Олар ішімдік ішуді қояды, баспаналы болып, жұмысқа тұрып кетеді.