Португалияда жалдамалы пәтер бағасы қымбаттап кетті

Португалияда жалдамалы пәтер бағасы қымбаттап кетті

Статистикаға сүйенсек, 2015 жылдан 2021 жылға дейін жалдау құны 112%-ке, ал тұрғын үйдің бағасы 2020-2021 жылдары 157%-ке өскен, деп хабарлайды 24kz.

Елде кейінгі жылдары туризм дамып, пәтерлерге сұраныс айтарлықтай артқан. Бұл пәтер қожайындары үшін де тиімді болды. Өйткені туристер ұзақ тұрмайды, ақшаны көбірек төлейді. Ал, бағаның күрт шарықтауына халық наразы. Тұрғындар бірнеше қалада көшеге шығып, өз қарсылығын білдірді. Бұған қатысты билік 2030 жылға қарай 33 мың үй салуға 2 миллиард еуро бөлетінін жариялады. Алайда, көпшілік оған күмәнданады.