Израиль әскері Бейрутке кезекті әуе шабуылын жасады

Израиль әскері Бейрутке кезекті әуе шабуылын жасады, деп хабарлайды 24kz.

Зымыран соққысынан тұрғын үйлердің бірі құлап, бірнеше адамның өмірін қиды. Қаза тапқандардың нақты саны әзірге белгісіз. Оқиға орнында құтқару қызметі мен жедел жәрдем мамандары жұмыс істеп жатыр.

Соңғы күндері Израиль Бейрут оңтүстігін тоқтаусыз атқылап келеді. «Себебі дәл осы аймақта «Хезболла» өкілдері жасырынып отыр», - дейді «Цахал» әскерилері. Израильдің шабуылдарынан кейінгі бір аптада Ливанда мыңнан аса адам көз жұмды. 6 мыңнан астам азамат жарақат алды. Жарты миллионға жуық тұрғын бас сауғалап, қашуға мәжбүр болды.