Қазақстан Австрия парламент сайлауында алғаш рет байқаушы болды

Австрияда әсіре оңшыл Еркіндік партиясы жеңіске жетті, деп хабарлайды 24kz.

Сайлаудың алдын ала нәтижесі бойынша саяси ұйым 29,1% дауыс жинады. Екінші орында 26,2% жинаған Австрия Халық партиясы. Үшінші нәтижені 20,4% дауыспен Социал-демократиялық партия көрсетті.

Бұл сайлауға сайлауға алғаш рет Қазақстан өкілі, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров қатысып, халықаралық байқаушылармен бірге жұмыс істеді.

Жанат Эрнст, тілші:

- Австриядағы кезекті парламенттік сайлау бірқатар ішкі проблемаларымен ерекшеленді. Коронавирустық пандемиядан кейін энергетикалық және экономикалық дағдарыс жағдайында алғаш рет Парламенттің Төменгі палатасына 183 депутатты сайлау үшін 10 мыңға жуық сайлау учаскелеріне 6 миллион 300 мыңдай адам келді. Елдің жоғарғы заң шығарушы органына кіру үшін 11 партия кемінде 4 пайыз дауыс жинауы керек. Австриялық тараптың шақыруымен алғаш рет осы сайлауда халықаралық байқаушылар арасында Қазақстанның өкілі, еліміздің Орталық сайлау комиссиясының басшысы Нұрлан Әбдіров жұмыс істеді.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Вена қаласында бірсыпыра сайлау учаскелерінде болдым. Дауыс беру процесі жақсы денгейде өтіп жатыр, қарқынды деп айтуға болады. Сонымен қатар келіп жатқандардың басым көбі жастары келген, өмір көрген сондай адамдар екен, мүгедектігі де бар да адамдар бар арасында. Өз дауыстарын еркін беріп жатыр. Комиссия өз жұмысын тәжірибелі істеп жатыр. Комиссияның құрамы да біз үшін қызықты болып көрінді. Мысалы комиссияның мүшелігіндегі үш адам. Олар тікелей жоғары комиссиямен бекітіледі екен. Басқалары Парламенттегі партиялардың тікелей өкілдері. Бәрі бірлесе отыра, комиссияда жұмысын белсенді атқарады екен.

Марсель Фушибега, Сайлау учаскесінің төрағасы (Вена):

- Мен бұл жерде 11 жыл жұмыс істеймін, биыл алғаш рет Қазақстаннан байқаушы келді. Бұл біз үшін өте таңсық жағдай, өйткені мұнда байқаушы ретінде бұрын-соңды келмеген. Ал басқа елдердің біздің сайлауға, оның барысына қызығушылық танытуы бізге өте қызық. Сайлау учаскесінің төрағасы ретінде бұл жайт мені қатты қуантады. Осы сайлаудан кейін еліміздің жағдайы жақсарады деп сенемін.

Австриядағы сайлау жүйесінің өзіне тән бірқатар ерекшеліктері бар. Мәселен, соңғы жылдары әртүрлі саяси партиялар бұл үдеріске біраз жаңалықтар енгізе алды. Оның бірі – пошта арқылы дауыс беру мүмкіндігі болса, екіншісі – дауыс берушілердің жасын төмендету.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Өткен сайлауда осыдан бес жыл бұрын бір миллион адам поштамен дауыс берген екен. Қазір осы сайлауда 1,5 миллион сайлаушы адам осы пошта арқылы дауыс беруге жүгінген екен. Сонымен қатар дауыс беру жасын 18-ден 16 жасқа дейін төмендеткен. Бұны да мына жастардын саяси процестерге қатысуын белсенді түрде арттыру мақсатында жасалды деп, бізге осындай мәлімет берді.

Ингрид, сайлаушы:

- Өркендеген болашақ үшін бізге бірлік керек. Саясаткерлер бір-біріне қарсы емес, бірігіп жұмыс істей білуі қажет. Біз үшін Еуроодақ аясында бірге болу өте маңызды. Және бұл тек Австрияға ғана емес, бүкіл Еуропаға және бүкіл әлемге қатысты. Көші-қонға келетін болсақ, мигранттарды қабылдауға дайын болу және оларды оқыту мен интеграциялауды қамтамасыз ету өте маңызды. Бізге осыдан біраз жыл бұрынғы мықты индустрия мен бәсекелестік керек. Егер бұл міндеттер орындалса, Австрия тағы да әлемдегі ең жақсы елдердің біріне айналады. Біз бұған толықтай сенеміз!

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының басшысы сайлау бюллетенінің құрамдас бөліктеріне назар аударды.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Әрине, бұл жақта сайлау жүйесіндегі өзіннің өзіндігі бар. Мысалы пропорционалды жүйе болатын болса ол партия үшін дауыс беру. Бұл жерде сонымен қатар партия үшін ғана емес, партияның өкілдерінің ішіндегі тізімдегі нақты тұлғалар соларды таңдайды екен. Бұл да мен үшін бір жаңалық болды. Бұл осы Австрия мемлекетінің бір ерекшелегі екен.

Венаға жұмыс сапары аясында еліміздің Орталық сайлау комиссиясының басшысы Нұрлан Әбдіров Австрияның федералдық сайлау жүйесінің басшысы Грегор Вендамен кездесті.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Әрі қарай біздің осы Орталық сайлау комиссиямызбен осы мемлекеттің сайлау органымен өз ара қарым- қатынасымызды дамытуға осы сапарамызда жол салдық деп ойлаймыз. Себебі Грегор Венда мырзамен кездестік.

Кездесу өте нәтижелі болды, біз дамыту туралы келістік. Алдағы уақытта тиісті жұмыста арамыздағы қарым-қатынасты біз дамыта аламыз деп және дамыту жолдарын пысықтаған болдық.

Австриядағы сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де жабылып, содан кейін парламенттік сайлаудың алдын ала нәтижелері жарияланды. Билік ресми нәтижені 16 қазанда жариялауға уәде беріп отыр.

Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов