АҚШ-та дауылдан мерт болғандар саны 84-ке жетті

АҚШ-та «Хелен» дауылынан опат болғандар саны 84-ке жетті, деп хабарлайды 24kz.

Тағы ондаған адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Осыған байланысты Флорида, Вирджиния мен Джорджияда, сондай-ақ Оңтүстік және Солтүстік Каролинада құтқару-іздестіру жұмыстары қолға алынды.

Айта кетейік, аталған штаттарда қазір 3 миллионнан аса тұрғын жарықсыз отыр. 400-ге жуық жол бүлінген. Жергілікті шенділер тілсіз жаудан келген шығын көлемін есептеп жатыр. Алдын ала есеп бойынша ол 100 миллиард доллардан асуы мүмкін.