Израиль шабуылынан ливандықтар жаппай қашып жатыр
Израиль әскерінің Ливанға қарсы толассыз шабуылынан жергілікті жұрт үдере көшіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Мыңдаған тұрғын бас сауғалап, Сирия шекарасына қарай ағыла бастаған. Олардың айтуынша, аймақтағы ахуал қазір өте күрделі. Азық-түлік пен медициналық қызмет жоқтың қасы. Осыған байланысты адам құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдар қатты алаңдаушылық білдіріп жатыр. Сарапшылар қақтығыстың өршуінен босқындар саны артып, гуманитарлық дағдарыс орнауы мүмкін екенін айтады.
Естеріңізге сала кетейік, Ливан денсаулық сақтау министрлігі келтірген дерек бойынша былтыр қазан айынан бері Израиль шабуылдарынан 1640 тұрғын қаза тапқан. Оның 104-і - бала. 194-і - әйел. Бұдан бөлек, 8,5 мыңдай тұрғын жарақат алған.