Непалда су тасқынынан қаза тапқандар саны 193 адамға жетті

Непалда су тасқынынан қаза тапқандар саны 193 адамға жетті

Непалда лай көшкіні мен су тасқынынан опат болғандар саны артты.

Соңғы ақпар бойынша қаза тапқандар қатары 200-ге жуықтады. Дені ел астанасы Катманду тұрғындары. Айта кетейін, бұл қалада өзен арнасынан тасып, шаһардың оңтүстігін лай басқан еді. Соның салдарынан ондаған көпір, су беру құбырлары бүлінді. 300-ге жуық үй қирады. Қазір аймақта құтқару-іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Ішкі істер министрлігі таратқан ақпар бойынша ел бойынша 30-дан астам адам хабар-ошарсыз кеткен.