Израиль ХАМАС қарулы тобының басшысын жойды
Израиль әскері палестиналық ХАМАС ұйымының Ливандағы бөлім басшысының көзін жойды.
Шариф Абу әл-Амин елдің оңтүстігіндегі босқындар лагеріне жасалған әуе шабуылы кезінде қайтыс болған. Бұл турады "Таймс оф Израел" басылымы хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша соққы кезінде ұйым жетекшісімен бірге оның жақын туыстары да көз жұмған. Бірнеше күн бұрын еврей мемлекетінің қарулы күштері ливандық Хезболла ұйымы басшысының да көзін жойған еді. Өткен аптадан бері ел әскері Ливандағы әуе шабуылдарын үдетіп келеді. Америкалық "Уолл Стрит Джёрнэл" басылымының хабарлауынша, осы аптада израильдіктер құрлықтағы операцияға көшуі әбден мүмкін.