Ливаннан Сирияға 100 мың адам кетіп қалды

Өткен аптадан бері Ливаннан 100 мыңға жуық адам Сирияға кетіп қалған.

Солардың 60%-і – кезінде отанындағы соғыстан көрші елге пана іздеп келген сириялықтар. Тиісті деректі БҰҰ өкілдері келтіріп отыр. Екі ел арасында 4 бақылау-өткізу бекеті бар. Онда қазір кісі қарасы қалың. Ал Ливанның өзінде миллионға жуық адам үй-жайын тастап кеткен. Олар әуе шабуылдары жүріп жатқан оңтүстік өңірлерден елдің басқа аудандарына қоныс аударуға мәжбүр болған. Оларға арнап мектептерде уақытша орталықтар ашылған. Соның кесірінен қазір оқушылар сабаққа бара алмай отыр.