Израиль Ливанның оңтүстігінде әскери операциясын бастады

Израиль қорғаныс әскері Ливанның оңтүстігінде «Хезболлаға» қарсы құрлық операциясын бастады.

Бұл туралы олар өзінің Telegram арнасында мәлімдеді. Хабарламада аталған топтың позицияларға «шектеулі, локализацияланған және мақсатты» соққылар жүргізіліп жатқаны айтылған. Ливанның ұлттық News Agency ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша Израиль Бейруттың оңтүстік бөлігіне шамамен 8 әуе шабуылын жасаған. Олардың дені Хиам, Кфар-Кила және Ваззани қалаларына бағытталған. Салдарынан бір тәулікте 95 адам опат болып, тағы 172 тұрғын жарақат алған. Рейтер ақпарына сәйкес көп аудандарда ливан армиясын «Хезболла» өкілдері алмастырған.

Жалпы БҰҰ дерегі бойынша шабуылдан Ливанда миллионнан астам адам үйлерін тастап, босып кеткен. 100 мыңнан астамы Сирияға қарай қашқаны белгілі. Грекия, Кипр, мен Болгарияға да бет алғандар бар. Бүгінге дейін Израиль шабуылдарынан Ливанда мыңнан аса адам көз жұмды. Соның 104-і бала болса, 200-ге жуығы – әйел.