«Хелен» дауылынан опат болғандар 116-ға жетті

АҚШ-тың оңтүстік-шығысында соққан дауылдан қаза тапқандар саны 116-ға жетті.

Тағы 600 адам із-түзсіз кеткен. Табиғи апаттан ең қатты Солтүстік Каролина штаты зардап шекті. Елді мекендер толығымен қирап қалған. Қазір апат аймағында құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасты. Бірақ бүлінген жолдар біршама қиындық келтіріп жатыр. Ертең өңірге ел президенті Джо Байден барады. «Хелен» дауылы бірнеше штатты жайпап, 3 миллиондай тұрғын жарықсыз қалды. Мамандардың алдын ала есебі бойынша шығын көлемі 100 миллиард доллардан асуы мүмкін.