CNN: Алдағы сағаттарда Иран Израильге шабуыл жасауы мүмкін

Иран алдағы сағаттарда Израильге баллистикалық зымырандармен соққы жасауы мүмкін.

Бұл туралы Ақ үйдің жоғары лауазымды қызметкеріне сілтеме жасай отырып, америкалық CNN басылымы хабарлайды. Соған сәйкес, еврей еліндегі АҚШ елшілігі өз қызметкерлерін үйлеріне оралып, қауіпсіз жерге эвакуаиялануға дайын болуын ескерткен. Биыл көктемде Иран Израильге дрон және зымырандармен шабуыл жасаған еді. Олардың басым бөлігі әуеде атып түсірілген.

Айта кетейік, Израиль Ливанның оңтүстігіне құрлықтан шабуыл жасап, бейбіт тұрғындарға оқ жаудырып жатыр. Ливанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша еврейлердің толассыз шабуылынан бір тәулікте 95 адам опат болды. Тағы 172 азамат жарақат алған.